Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Майда-шүйдеге бас ауыртпайсың": Мадина Сәдуақасова ұлының мектебіне ай сайын 450 мың теңге төлейтінін айтты

Жарияланған күні:

Мадина Сәдуақасова ұлымен
Мадина Сәдуақасова ұлымен. Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Отандық әнші Мадина Сәдуақасова ұлының жеке мектепте оқитынын айтты. Өнер иесі "Ревю" бағдарламасында баласының білім алуы үшін айына 450 мың теңге төлейтінін мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Біз күшті дайындалғанбыз. Мектепте барлығы өзінікі, біз ештеңе сатып алмаймыз. "Мектеп формасы дайын" деп хат келеді. Жаңа оқу жылы басталмастан екі апта бұрын келіп әкетеміз. Үтіктеп, дайындап, 15 минутта дайындалып келдік.

Біз түскен кезде айына 300 мың теңге еді. Қазір айына 450 мың теңге төлейміз. Өшіргіш секілді майда-шүйдеге бас ауыртпайсың", - деді Мадина Сәдуақасова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2035327-maida-suidege-bas-auyrtpaisyn-madina-saduaqasova-ulynyn-mektebine-ai-saiyn-450-myn-tenge-toleitinin-aitty/