Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қай жеріне қызықтың": актер Рамазан Амантай хейтерлердің әйеліне де теріс пікір жазатынын ашып айтты

Жарияланған күні:

Рамазан Амантай жарымен
Рамазан Амантай жарымен. Фото: Instagram/ramantay

Отандық актер Рамазан Амантай өзінің толықтығын сынайтын адамдардың көп екенін айтты. Өнер иесі "Еркін подкаст" бағдарламасында хейтерлерінің әйеліне де теріс пікір жазатынын баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Үйленген кезде келіншегіме "Талғамың жоқ па?" деп жазғандар болды. Келіншегіме рахмет әйтеуір, талғамы жоқ болса да, төзді. Ең естен кетпес жағдай келіншегімнің аяғы ауыр кезде болды. Әйелім екеуіміз лифтте тұрмыз. Бір танымайтын әйел келіншегімнен "Мынау кім?" деп сұрады. Келіншегім "Күйеуім" деген еді, "Мынаның қай жеріне қызықтың" деді. Кейін бірнеше күн өткенде ол кісімен тағы аулада жолығып қалдық. Темекісін алды да, "Әлі таңғаламын, ол сенің қай жеріңе қызықты екен?" деді. Не деп жауап бергенім есімде жоқ. Мен ол кісіні ренжітетіндей жауап қайтармағаным анық", - деді Рамазан Амантай.

Сонымен қатар актер келіншегін түсірілім алаңына алып барған кезде танымал актрисаның да әйелінен "Неге тұрмысқа шықтың?" деп сұрағанын баяндап берді.

"Енді үйленген кезіміз. Келіншегімді түсірілім алаңына алып бардым. Бір актриса келіншегімді көріп, "Ой, осы ма келіншегің?" деді. Есімін айтпай-ақ қояйын. Мен кетіп қалғанда жанына отырғызып алып, "Неге тұрмысқа шықтың?" деп сұраған ғой. Келіншегім таңғалып, "Маған осылай айтты" деді. Келіншегім сұлу ғой енді", - деді ағынан жарылған Рамазан Амантай.

Айта кетейік, осыған дейін актер өзін артық салмағы үшін сынайтын көпшілікке жауап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2035482-qai-zerine-qyzyqtyn-akter-ramazan-amantai-xeiterlerdin-aieline-de-teris-pikir-zazatynyn-asyp-aitty/