Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"500 мың теңгеден басталады": блогер Zheka-ның тойында беташар табағына ақша салғандар елді таңғалдырды (видео)

Жарияланған күні:

Zheka Fatbelly әйелімен
Zheka Fatbelly әйелімен. Фото: instagram.com/zheka_fatbelly

Блогер Zheka Fatbelly жақында сүйіктісімен заңды некесін қидырған болатын. Оның тойында беташар табағына ақша салған достары көпшілікті таңғалдырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеоны әнші, асаба Қабдол Instagram парақшасында жариялады.

Видеодан блогерлер мен әншілердің беташар табағына 500 мың теңгеден салғанын көруге болады.

Ал блогерлердің бірі Ұлықбек Шәріпов шотқа 1 млн теңге аударады.

Желі қолданушылары блогердің тойын қызу талқыға салды.

"Не масқара?", "Беташарды бизнеске айналдыру мақтаныш емес", "Шоу жасап, қызықты болсын деген ғой", "Бұл қуаныш қой", "Біреудің ақшасын санау дұрыс емес", "Бар болса, неге бермеске?", "Жақсымен дос болсаң, жеткізер мұратқа дейді", "Әр қазақтың тойы осындай болсын", - деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, блогер жақында заңды некесін қидырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2036071-500-myn-tengeden-bastalady-bloger-zheka-fatbelly-toiynda-betasar-tabagyna-aqsa-salgandar-eldi-tangaldyrdy-video/