Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Баланың кінәсі жоқ қой": Ақбота Керімбекова немересімен араласып тұратынын жеткізді

Жарияланған күні:

Ақбота Керімбекова
Ақбота Керімбекова. Фото: "1001 түн" бағдарламасы

Ақбота Керімбекова ұлы мен келіні ажырасса да, немересін ерекше қатты жақсы көретінін айтты. Бұл туралы "Ұйқым келмейді" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Немеремді қатты жақсы көремін. Өте бөлек, тәтті. Үш ұлдан кейін көріп отырған қыз ғой. Ерекше тәтті.

Немеремді көріп тұрамын, араласып тұрамыз. Келінмен де араласып тұрамыз.

Енді Алла берген бір ғана өмір ғой. Қырқысып, ұрысып, керісіп жүрудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Қолдан келгенше жақсы қарым-қатынаста, сыйласып жүрген дұрыс. Ол баланың кінәсі жоқ қой.

Болашағын ойлап, жақсылығын ойлап жүрейік", - деді Керімбекова.

Айта кетелік, Ақбота Керімбекова ұлы мен келінінің ажырасып кеткенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2036187-balanyn-kinasi-zoq-qoi-aqbota-kerimbekova-nemeresimen-aralasyp-turatynyn-zetkizdi/