Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тойда күтеміз": Абай Бегейдің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады (фото, видео)

Жарияланған күні:

Абай Бегейдің отбасы
Абай Бегейдің отбасы. Фото: instagram.com/abai_begei

Әнші Абай Бегейдің ұлы сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады. Бұл жайлы өнер иесі Instagram парақшасында көпшілікке айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қазақ елі, сүйінші! Ұлымның жаңалығымен бөлісіп қояйын. Алда отбасымызда ұлан-асыр той. Бұйырса, тума-туыс, дос-жаран, барлық жақындарымызды тойда күтеміз. Ұлым үлкен өмірге қадам басып жатыр. Жастар бақытты болсын!", - деп жазды Абай Бегей.

Желі қолданушылары әншінің қуанышты жаңалығына жылы лебізін жаудырды.

"Жастар бақытты болсын", "Құттықтаймын", "Екеуі ұқсайды екен", "Жақсы жігіт екені көрініп тұр. Көз тимесін", "Қыздарыңызға ұқсайды", "Қуаныш ұзағынан болсын", - деп жазды желідегілер.

Суреттен әншінің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасаған сәтте Абай Бегейдің жұбайы мен қыздары жанында болғанын байқауға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2036206-toida-kutemiz-abai-begeidin-uly-suiiktisine-usynys-zasady-foto-video/