Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзім босанғандай болдым": актриса Жанель Мақажан үшінші сәбиін дүниеге әкелді

Жарияланған күні:

Өзінен жасы кіші жігітке тұрмысқа шыққан жұлдыздар
Жанель Мақажан күйеуімен: instagram.com/janellemakajan

Актриса Жанель Мақажан үшінші сәбиін өмірге әкелді. Сүйінші жаңалықты оның қазіргі жұбайы Абай Асылхан Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Босанғалы жатыр. Мен кеттім. Біз үшін дұғада болыңыздар", - деп жазды Абай Асылхан.

Кейінірек актер перзентханадан видео бөлісті. Видеода жаңа туған нәрестенің іңгәлап жатқанын байқауға болады.

"Далаға шығып, таза ауа жұтып отырмын. Бүгінгі күн жүгіріспен өтті. Өзім босанғандай болдым. Өйткені, әйеліме босану кезінде серіктес болдым. Жанельдің де, баланың да жағдайы жақсы. Құттықтап жатқан достарым, бауырларыма, туыстарыма рахмет. Сіздерге де осындай бақытты нәсіп етсін", - деп терең демалды Абай Асылхан.

Айта кетейік, осыған дейін Жанель Мақажан мен Абай Асылхан ерекше стильде гендер-пати жасаған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Жанель Мақажанның бұл екінші некесі. Актрисаның бірінші некесінен бір қызы мен бір ұлы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2036992-ozim-bosangandai-boldym-aktrisa-zanel-maqazan-usinsi-sabiin-duniege-akeldi/