"Қадіріңе жете алмадық": Кісі қолынан қаза тапқан композитор Арман Қайназаров жазған соңғы әні жария етілді
Жарияланған күні:
Алматыда отандық композитор Арман Қайназаров қайтыс болып, оның қазасына күдікті адам ұсталған болатын. Әнші Бағлан Әбдірайым марқұм композитордың соңғы жазған әнін жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Арман Қайназаровтың соңғы әні екен. Жаның жәннатта болсын. Бізді кешіре көр, қадіріңе жете алмадық. Алладан мейірім тілеп, дұға жасап қойыңыздар. Кісі қолынан қаза тапты", - деп жазды Бағлан Әбдірайымов Instagram парақшасында.
"Жаман ойлар мазалайды жанымды. Жаным талай ойға еріп жаңылды.
Арылмаған азаптың дәмін таттым ұзақ тым. Қайғысына көндім бір сәт тозақтың.
Жаман сезім жаулағандай бойымды. Жүрегімді жаралады ой мұңды.
Бәрі болды өзімнен, алыс кетіп жүзіңнен. Бұл өмірге алаңдаған көзіңнен,
Қиналғанда тек өзіңді іздедім, неге? Айтшы маған, Тәңірім. Қандай менің өмірім?
Сенсіз өткен мағынасыз әр күнім, арам ойдан арылдым ба, білмедім.
Бар білерім, әке сөзін сермедім. Шектім соның зардабын, жоғалғандай арманым.
Білмегендей бұл өмірдің жалғанын, жан-дүнием сөздеріңе шөлдеген.
Рухым бірақ тірі, әлі өлмеген. "Әке" дейді дауыстап, алақаныңнан ұстап,
Өлі сезім, мәнсіз ойларды тастап", - деген өлең жолдары бар Арман Қайназаровтың соңғы әнінде.
Естеріңізге сала кетейік, Әлеуметтік желіде Арман Қайназаровтың қайтыс болғаны жайлы ақпарат тараған болатын. Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне музыканттың қайтыс болғанын растады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2037681-kisi-qolynan-qaza-tapqan-kompozitor-arman-qainazarovtyn-songy-zazgan-ani-belgili-boldy/