Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Динара Сәтжан ұлының әскердегі ант қабылдау рәсіміне қатысты (видео)

Жарияланған күні:

Динара Сәтжан ұлымен
Динара Сәтжан ұлымен. Скриншот: instagram.com/dinarasatzhan

Тележүргізуші Динара Сәтжанның жалғыз ұлы әскерге аттанған болатын. Арада 1,5 ай өткенде ол ұлының әскерде ант қабылдау рәсіміне қатысты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл сәтті тележүргізуші Instagram парақшасында жариялады.

"Көптен күткен күн, ант беру рәсімі. Біз Даниалды бір жарым ай бойы көрмедік. Байланыс жоқ. Біз сені қатты сағындық. Өз сарбазымызды ерекше мақтан тұтамыз.

Еліміздің 18 бен 27 жас аралығындағы бойы 180-ден 195 см-ге дейінгі, білімі орташадан төмен емес, дене бітімі, дені сау азамат Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметі айрықша мақсаттағы күштерінің мерзімді әскери қызметінің сарбазы бола алады. Әскер - парыз. Бұл өмір мектебі. Және бұл керемет челлендж", - деп жазды тележүргізуші.

Айта кетейік, Динара Сәтжан қазан айында ұлын әскерге шығарып салған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2048211-dinara-satzan-ulynyn-askerdegi-ant-qabyldau-rasimine-qatysty-video/