"Бағалаймын": Атышулы Байзақова ата-енесімен қарым-қатынасы қандай екенін айтты
Жарияланған күні:
Отандық танымал блогер Айжан Байзақова ата-енесі жайлы сөз қозғап, олармен бүгінде қарым-қатынасы қандай екенін ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жақында ғана екінші ұлын дүниеге әкелген Байзақова желіде байланысқа шығып, қазіргі жағдайын бөлісті.
Желі жұлдызы оқырмандары жолдаған бірқатар сұраққа да жауап берген. Олар блогерден ұлының атын кім қойғанын сұрап, ата-енесімен қарым-қатынасы қандай екенін білмек болды.
"Ұлымыздың атын Нұрбектің әкесі қойды. Тұңғыш немересі ғой. Таңдаған есімі маған да ұнады. Ол кісі жақсы есімдерді таңдайды. Тағы он немересіне ат ойластырып қойған. Көптен күткен немересі ғой. Мен олардың маған деген қарым-қатынасын өте қатты бағалаймын. Олар маған туған қызындай қараса, Аланды туған немересіндей қабылдайды. Мені қатты еркелетеді.
Нұрбектің әкесі маған екі ат ұсынған болатын. Екеуі де көңілімнен шықты. Ол кісі заманауи есімдерді таңдайды. Ата-енем әркез біздің ойымызды ескеріп, тыңдап отырады. Біз де ол кісілердің айтқанына құлақ асып отырамыз", - деді Байзақова.
Блогер арудың айтуынша, ата-енесі Астанадан ұшып келіп, бүгінде немересін қарасуға көмектесіп жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2048963-bagalaimyn-atysuly-baizaqova-ata-enesimen-qarym-qatynasy-qandai-ekenin-aitty/