Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ішіне бір нәрсе салып алған": Жорабаева жалған жүктілік жайлы қауесеттерге жауап берді

Жарияланған күні:

Алтынай Жорабаева
Алтынай Жорабаева. Фото: instagram.com/altynaizhorabayeva

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Алтынай Жорабаева ел арасында өзінің жүктілігіне қатысты айтылып жатқан қауесеттерге пікір білдірді. Сөзінше, әлдекімдер оның жүктілігін жалған деп айтып жүр екен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алтынай Жорабаева жүктілігінің жалған екенін айтып жүрген жандарға Instagram парақшасында жауап берген.

"Бұл әңгімені жақын тқұрбымнан естідім. Туыстары, жақын адамдары айтқан ғой. Алтынай аяғы ауыр емес екен ғой. Ішіне бір нәрсе салып алған екен ғой. Күйеуінен бала болмағаннан кейін біреуді алайын деп жатыр деген сияқты әңгімелер айтылған ғой. Сондай ойға дәттері қалай барады екен? Маған істейтін шаруам жоқ па? Кімнен қорқып жүрмін? Алла берсе берді деп жүрген адамдар едік. Міне Алла бұйыртып, бізге жүктілікті берді. Ешқандай ЭКО-сыз берді. Осындай әңгімеге дейін баратын адамдарға жаным ашиды", - деді Алтынай Жорабаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2048981-isine-bir-narse-salyp-algan-zorabaeva-zuktiliginin-zalgan-ekeni-zaily-qauesetterge-zauap-berdi/