Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзімді кешірмеймін": Медеу Арынбаев әйелін ренжіткен кезін есіне алып, өкінішін жеткізді

Жарияланған күні:

Медеу Арынбаев сұхбат кезінде
Медеу Арынбаев сұхбат кезінде. Видеодан кадр: Youtube/Dina Tolepbergen

Қазақстандық танымал әнші Медеу Арынбаев марқұм әйелін есіне алып, жан сырын ақтарды. Өнер иесі келіншегін ренжітіп қойған сәті туралы айтып, өз өкінішін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Медеу Арынбаев "Динамен дұрыс" бағдарламасында ақтарыла сұхбат беріп, әйелінің өліміне қатысты пікір білдірді.

Сондай-ақ әнші келіншегін ренжітіп қойған кезін есіне алып, сол үшін өзін әлі күнге дейін кешірмейтінін жеткізді.

"Өліміне не себеп болғанын әлі күнге дейін түсінбеймін. Өзіміз де шок болдық. Қан қысымы төмен еді. 2010 жылы желтоқсанның басы болатын. Соның алдында өзімді әлі кешірмеймін. Студиядан мәз болып, үйге қарным ашып келсем, ештеңе дайын емес. Сол кезде эмоцияға салып, айқайлап қойғаным бар шығар. "Қазір ғана жұмыстан келдім" дейді. Жұмысы сол - оркестр. Отағасы ретінде қатты сөйлеп қойғаным бар.

Сол кезде аздап бір-екі көзінен жас шыққан еді. Кейін құшақтап, басу айтқанмын. Студияға барып, сегізде үйге келсем, екі балам абыр-сабыр. Айтуларынша, мамалары үйде ас дайындап жатып, еңкейіп қалады, сол кезде басы айналып құлапты. Жедел жәрдем келді. Бес күннен кейін ісіне бастады, алтыншы күні дүние салды", – дейді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2048985-ozimdi-kesirmeimin-medeu-arynbaev-aielin-renzitken-kezin-esine-alyp-okinisin-zetkizdi/