Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Талма ауруына тап болдым": Медеу Арынбаев басынан өткен ауыр жағдай туралы айтты

Жарияланған күні:

Медеу Арынбаев
Медеу Арынбаев. Фото: "1001 түн" бағдарламасы

Қазақстандық танымал әнші Медеу Арынбаев 2000 жылдан бастап талма ауруына тап болғанын айтты. Өнер иесі көлік жүргізіп келе жатқанда талмасы ұстап, төрт рет жол апатын жасаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Эстрада жұлдызы уақыт өте келе талмасы ұшыға бастаған соң, күрделі он сағаттық ота жасауды шешкен. Нәтижесінде бүгінде әртіс бұл дертінен айыққан. Ол жағдайы тұрақталып, енді сахнада өзін еркін ұстайтын болғанын жеткізді.

"2000 жылдан бастап талма ауруына тап болдым. Ес жоғалту, тіресіп қалу басталды. 1993 жылдары жаспыз, мейрамханадан шығып жатқанда үш жігіт теуіп кеткен еді. Сол жеті жылдан кейін сыр берді ма екен деймін. Бәрі елуде елу. Сол соққыдан немесе тума пайда болған нәрсе. Бастапқыда жылына екі рет болатын. Содан келе ушығып, екі-үш айда бір рет бола бастады. Саханада ұстап қалды, сіресіп қалдым. Төрт рет қала ішінде көлік жүргізіп келе жатқанда болды. Төрт рет көлік қақтығысы болған. Бір рет маңызды шарада маңызды сәтте сіресіп қалып, сахнадан алып кетті. Сол кезде қара тізімге түсіп қалдым ба деп қорықтым. Отадан кейін шүкір жағдайым жақсы. Міне төрт жарым жылдай менде қайталану жоқ. Жағдайым тұрақты, концерт бойы ән айта аламын", - деді әнші.

Сондай-ақ өнер иесі алдағы уақытта екінші рет үйленуге қатысты өз ойын айтты.

"Үйленбеуім әбден мүмкін. Үйленуім де мүмкін. Тағдырым қалай боларын қайдан білемін? Жүрекке садақ қадалса, бітті ғой. Мен әуестенетін қыз-келіншектер бар. Бірақ мәдениеттілігім ұстап қалады. Болмайды, ұят болады деген сияқты. Әйелім төбеден қарап маған бақыт тілейтіні анық", - деді ол "Динамен дұрыс" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2049025-talma-auruyna-tap-boldym-medeu-arynbaev-basynan-otken-auyr-zagdai-turaly-aitty/