Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Елена Әбдіхалықова ұстазымен арада 30 жыл өткеннен кейін қайта кездесті (фото)

Жарияланған күні:

Елена Әбдіхалықова
Елена Әбдіхалықова. Видеодан кадр: "Алғашқы" бағдарламасы

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Елена Әбдіхалықова сынып жетекшісімен жолықты. "Алғашқы" бағдарламасына келген өнер иесі арада 30 жыл өткенде ұстазымен студияда кездескен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бұл кісі 10-сыныпты бітірерде сынып жетекшім болды. Ғалия апайдың інісімен бір сыныпта оқыдық. Бірақ апай басқа жаққа көшіп кетті. Өнер қуып, өмір қудым. Сізді қайта көргеніме қуаныштымын. Апай сол кездегідей әлі жас", - деді Елена Әбдіхалықова.

Ал әншінің ұстазы Ғалия Камалова бағдарлама барысында оқушысы жайлы айтып берді.

"Қайда жүрсем де, мақтанып жүремін. Өзімнің оқушым, сазгерім, ақыным. Мен осы кісілерге алғаш рет сынып жетекші болдым. Елена басқа оқушылардай емес, терең ойлы, сөзі қалыпты, өзін-өзі қалыптастырған бала болды. Екеуіміздің жұмысымыз көп болды. Өзі ақын еді ғой. "Ошаған", "Ара" журналына шашы өскен, форма кимейтін балаларды шығара қояды. Сөзбен түйреп алатын.

Сол кезде Елена "Өмірде қиыншылық кездессе, қалай шығуға болады?" деп сұрайтын. Неге мақтанбасқа? Мен бақытты ұстазбын", - деді Ғалия Камалова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2049031-ansi-elena-abdixalyqova-ustazymen-arada-30-zyl-otkennen-keiin-qaita-kezdesti-foto/