"11-сыныпта көзге түсті". Еркін Нұржанов өзінен 14 жас кіші келіншегі туралы айтты
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал әнші Еркін Нұржанов өзінен 14 жас кіші келіншегімен қарым-қатынасы қалай басталғанын айтып берді. Өнер иесінің сөзінше, сүйіктісі 11 сынып оқып жүргенде көзіне түскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Еркін Нұржанов келіншегін алғаш рет ол 6-сынып оқып жүрген кезде көрген. Әншінің айтуынша, сүйіктісі көз алдында өскен.
"Келіншегіме үйленген кезде 16 жасар қызға үйленді деген біраз әңгіме болды. Әйелімді алғаш көргенде ол 6-сынып оқитын, бірақ ол кезде бірден ғашық болған жоқпын. Көз алдымызда өсті. 11-сыныпқа жеткен кезде көзімізге түсті ғой, - деді әнші "Ұйқым келмейді" бағдарламасында..
Сондай-ақ өнер иесі отбасылық өмірі жайлы сыр шертті. Бүгінде келіншегі екеуі төрт баланы тәрбиелеп отыр.
"Үйленгенімізге 10 жыл болды. Әйелім үйде бала тәрбиесімен айналысады. Кейде жұмыс істеймін деп қиқалаң салады. Бірақ 4 бала-шағаның өзі үлкен жұмыс. Қайыр, Сая, Ақбаян, Анарбай деген 2 ұлым, 2 қызым бар. Өзім жұмсақ әкемін. Бала-шағаны арасында көріп тұрамыз, көп көрісе бермейміз. Мүмкіндігінше көрген кезде еркелетіп құшақтап, иіскеп, сүйіп, соған үлгеріп қалуға тырысамыз", - деді өнер иесі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2049371-11-synypta-kozge-tusti-erkin-nurzanov-ozinen-14-zas-kisi-kelinsegi-turaly-aitty/