Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Менің жүрегімді уайымдап жүр еді": актер Сәбит Әбдіхалықовтың әкесі өмірден өтті

Жарияланған күні:

Сәбит Әбдіхалықов
Сәбит Әбдіхалықов. Кадр: YouTube/Уақыт көрсетеді

Белгілі актер Сәбит Әбдіхалықовтың әкесі өмірден өтті. Бұл жайлы өнер иесі Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Менің жүрегімді уайымдап жүргенде, өзінің жүрегі тоқтады. Қайран, әкем! Өмірден өте жақсы адам боп өттің", - деп жазды Әбдіхалықов.

Актердің бірінші жұбайы Айгүл Иманбаева да бұрынғы қайын атасының өмірден өткеніне Instagram парақшасында көңіл айтты.

"Бүгін Асылжанымның атасы Әбдімүтәлі дүниеден өтті. Жақсы кісі еді. Иманды болыңыз, әке! Соңғы кездесуіміз екен", - деп жазды Иманбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2051366-menin-zuregimdi-uaiymdap-zur-edi-akter-sabit-abdixalyqovtyn-akesi-omirden-otti/