Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешкімнің басына бермесін": марқұм Арман Дүйсеновтың жары халыққа үндеу жасады

Жарияланған күні:

Арман Дүйсенов әйелімен
Арман Дүйсенов әйелімен. Фото: Instagram/arman_duisenov_official

Қазақстандық танымал композитор Арман Дүйсеновтың дүниеден өткеніне бір жылға жуық уақыт өтті. Осы орайда марқұм композитордың келіншегі қалың көпшілікке үндеу жасап, оның парақшасын жаңғыртуды жөн көргенін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Арман Дүйсенов өмірден өткелі оның парақшасы сол қалпында қалып, онда ешқандай жазба жарияланбаған болатын. Енді араға бір жыл салып, марқұмның келіншегі оны қолға алуды жөн көрген екен.

Ол әлеуметтік желіде халыққа үндеу жасап, қолдау білдіруін сұрады. Өнер иесінің әйелі алдағы уақытта бұл парақшада отағасының жасаған бағдарламалары, жазған әндері мен композициялық шығармаларын жарияламақшы.

"Ардақты ағайын! Біздің әулетіміздің ғана емес, тұтас елдің сүйікті перзентіне айналған Арман Дүйсеновтей азаматтың дүниеден көшкеніне жылға толуға айналды. Осы бір жылдың біздің отбасымыз үшін қаншалықты мұңлы, қаншалықты ауыр болғанын айтып жеткізу қиын. Әкесін іздеген ұл-қызыңның жәудіреген жанарына шарасыз күйде қараудан ауыр не бар? Осы қайғыны жан-жүрегімен сезініп, біздің қайғымызды бөліскен қалың жұртқа Алла разы болсын! Мұндай сынақты енді ешкімнің басына бермесін.

Арманның асыл бейнесі, аңқылдаған ақ жүрегі, әсем әндері талайдың жанын баурағаны сөзсіз, оны елдің іздейтіні де содан болса керек. Оның әлеуметтік желідегі парақшасын өшірмеуімізді, қайта оны тұрақты жүргізуімізді өтініп сұраушылардың да қарасы қалың. Арманның екінші өмірі жалғасқанын, оның елімен бірге жасағанын біз де қалаймыз. Сондықтан, Арманның әлеуметтік парақшасын қайта жаңғыртқанды жөн санадық. Мұнда Арманның әндері, композициялық шығармалары, жасаған бағдарламалары жарияланады. Бұл жұмыстарға сіздердің де көмектеріңіз тиеріне сенеміз. Осылайша Арманның асыл бейнесі бәрімізбен бірге жасайтын болады. Баршаңыздың отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін", - деп жазды ол марқұм күйеуінің Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2051581-eskimnin-basyna-bermesin-marqum-arman-duisenovtyn-zary-xalyqqa-undeu-zasady/