Динара Сәтжан Қазақстанға келген әйгілі Akon-ға шапан жапты (видео)
Жарияланған күні:
Әлемге әйгілі әнші Akon Алматы мен Астана қаласында жеке концертін өткізіп, қазақстандық жанкүйерлерін қуантты. Оған қоса өнер иесі Динара Сәтжанның авторлық бағдарламасында қонақ болып, тағы бір мәрте өнерін паш етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Динара Сәтжан Akon-ға қазақтардың қонақжайлығын көрсетіп, бағдарлама соңында оған шапан жапты. Ол әртіске ұлттық киім кигізіп жатқан видеосын Instagram парақшасында жариялады.
"Салт-дәстүрді бұзбай әлемдік өнер жұлдызына шапан жаптық. Отандық өнімді сыйлағанды жөн көрдік. Сыйлықтың ұнағаны сонша, концертіне киіп шығатын болды. Сонымен қатар жалғыз Akon-ға ғана емес, оның командасындағы жігіттерге де шапан кигіздік. Сұхбатқа келісіп берген ұйымдастырушыларға рақмет", – деп жазды журналист.
Желі қолданушылары тележүргізушінің әрекетіне тәнті болып, видеоның астына сансыз пікір қалдырып жатыр.
"Қонақжайлығымызды көрсетті. Жарайсыз, Динара", " Шапанды киіп қазақтың қара баласына айналды да шықты", "Өзіне жараса кетті", "Динара, өте дұрыс жасадыңыз", "Концертке киіп шықты. Өте әсерлі болды", - деп жазуда оқырмандар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2051671-dinara-satzan-qazaqstanga-kelgen-aigili-akon-ga-sapan-zapty-video/