Мөлдір Әуелбекова не үшін фильмге түспей жүргенін айтты
Жарияланған күні:
Әнші Мөлдір Әуелбекова осыдан бірнеше жыл бұрын фильмге түскен болатын. Өнер иесі "Ұйқым келмейді" бағдарламасында не үшін қазіргі таңда кино түсіріліміне қатыспай жүргенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Мен актриса емеспін. Мен - әншімін. Кино саласынан кеттім деп айта алмаймын. 2010 жылы "Ғашық жүрек" фильмі түсірілді. Әлі де түсірілімге шақырады. Мен рөлге жауапкершілікпен қараймын. "Рөлді алып шығамын" деген кезде, ешкім мен сұраған гонорарды төлегісі келмейді. Ақшасына келісетін кезде тығырыққа тірелеміз.
Актрисамын деп те айта алмаймын. Қоржынымда сол бір фильм бар. Кәсіби әнші болғасын гастрольдік сапарым, жоспарым бар. Отбасым, ата-анам бар. Ал кино уақытыңды алады. Бәрін ысырып қойып киноға бару үшін, ол менің мына жақтағы шығынымды өтеуі керек. Осы жерге келгенде біз келіспей қаламыз", - деді Мөлдір Әуелбекова.
Айта кетейік, осыған дейін Мөлдір Әуелбекова ұлына құны 60 млн теңге болатын сыйлық тарту етті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2051821-moldir-auelbekova-ne-usin-filmge-tuspei-zurgenin-aitty/