Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құдалықтан кем емес": Фариза Төреәлі перзентінің "қырқынан шығару" рәсімін өткізді (видео)

Жарияланған күні:

Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев баласымен
Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев баласымен. Видеодан кадр: Instagram/tattti_kyz

Отандық танымал блогер Фариза Төреәлі тұла бойы тұңғышының "қырқынан шығару" рәсімін өткізді. Отбасылық ерекше жиынға желі жұлдызының ет-жақындары ғана қатысты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев перзентінің "қырқынан шығару" рәсімін елордалық мейрамханалрдың бірінде өткізген. Ерлі-зайыптының қуанышына ата-аналары мен аға-жеңгелері ортақтасқан.

Аталмыш отбасылық жиын үшін Фаризаның жұлдызды ағасы Төреғали Төреәлі де арнайы Алматыдан ұшып келген.

Блогер арудың төркіні құр қол келмей, кішкентай сәбиге қажет дүниелерді де алып келген. Нағашы ата-әжесі оған бесік, көрпе, жастық түрлі киім-кешек пен тағы басқа керек-жарағын сыйлады. Оған қоса өзіне жиен сыйлаған қызы мен күйеубаласын да сыйлықсыз қалдырмады. Олар жас ата-анаға танымал брендтен сыйлық табыстаған.

Сондай-ақ Фариза Төреәлінің анасы құдағиына да ерекше сыйлық тарту етті. Ол қызының екінші анасына ұлттық үлгідегі камзол жапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2051834-qudalyqtan-kem-emes-fariza-toreali-perzentinin-qyrqynan-sygaru-rasimin-otkizdi-video/