"Бір уақытта бала сүйсек екен": Фариза Төреәлі сіңлісінің орындалған арманы жайлы айтты
Жарияланған күні:
Төреғали Төреәлінің қос қарындасы Фариза мен Дина бұған дейін еш жерде жарияланбаған аяғы ауыр кезіндегі ерекше суреттерін көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Фариза мен Дина Төреәлі Instagram желісінде аяғы ауыр кезінде анасымен жасаған фотосессиясын жариялады.
Суретте жүкті арулардың табиғат аясында анасымен серуендеп жүргенін көруге болады. Фариза Төреәлі аталмыш фотолардың астында сіңлісіне қатысты тың мәліметті жария етті. Айтуынша, Дина Төреәлі бала күнінен бері әпкесімен бір уақытта ана атанғысы келген екен.
"Динаның бала күннен бері маған айтатын бір арманы бар еді. "Екеуміз бірдей бір уақытта бала сүйсек екен" дейтін. Алла қалап ниетіне нәсіп етті, соны еске түсіріп таң қалудамыз. Анамыз сияқты батыр ана, дана әйел болуды нәсіп етсін. Ата-ананың қадірін расында өзің ата-ана болғанда түсінетінің рас екен. Олар үшін көп жақсылық жасайық, көп дұға етейік. Ананың балаға жасаған дұғасы қабыл демекші, анамның шын тілегі қабыл болды. Аллахым барша ұрпақ тілеп жүрген жандарға айтарым, үміттеріңізді үзбеңіздер - Алланың мейірімі шексіз. Ана болу бақытын, әрбір қызға тіледік", - деп жазды Фариза.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2051874-bir-uaqytta-bala-suisek-eken-fariza-toreali-sinlisinin-oryndalgan-armany-zaily-aitty/