Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өз үйінде тұрып жатыр": Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуі жайлы ел арасында тараған қауесетке жауап берді

Жарияланған күні:

Жұлдызай Дүйсенбиева
Жұлдызай Дүйсенбиева. Видеодан кадр: "1001 түн" бағдарламасы

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева отбасына қатысты ел арасында тараған қауесетке жауап берді. Өнер иесі "1001 түн" бағдарламасында күйеуінің іссапармен Сарыағаш қаласында жұмыс істейтінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Өмірсерік мені жылата алмайды. Ол менің өміріме жылату үшін келген жоқ. Мен оған разымын. Көре алмайтын адам көп қой. Ол қауесеттің тараған себебі: Өмірсеріктің Сарыағашта жұмыс істеуі. Өз үйінде тұрып жатыр. Құрылыс саласында жұмыс істейді. Жұмысы солай. Алдында екі жыл Шымкентте жұмыс істеп келді. Шуда жұмыс істеді. Енді Сарыағашта жұмыс істеп жатыр. Ауылдан бір-екі адамнан шыққан сөз шығар.

Өзім 33-ке келіп, әрең тапқан күйеуімнен ажыраспаймын. Ажыраспаймын! Ол ажырасса да, мен қол қоймаймын. Осымен нүкте", - деді Жұлдызай Дүйсенбиева.

Айта кетейік, осыған дейін Жұлдызай Дүйсенбиеваның ажырасып кеткені жайлы қауесет тараған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2051884-azyrassa-da-qol-qoimaimyn-zuldyzai-duisenbieva-kuieui-zaily-el-arasynda-taragan-qauesetke-zauap-berdi/