Мөлдір Әуелбекова алғаш сахнаға шыққан кезін еске алды (видео)
Жарияланған күні:
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мөлдір Әуелбекова алғаш сахнаға шыққан кезін есіне алды. Өнер иесі әлеуметтік желіде видео жариялап, баспасөз бетіне шыққан сұхбаты мен фотоларын көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әуелбекова естелік видеосын Instagram парақшасында жариялаған. Шоу-бизнес жұлдызы өзінің бағын "SuperStarKZ" жобасы ашқанын алға тартты.
Өнер иесі сол кездегі сұхбатын көрсетіп, көпшілікке бұрынғы суреттерін паш етті. Әншінің сөзінше, анасы қызы жайлы жазған барлық газет-журналдарды жинап жүреді екен.
"Анам мен сахнаға шыққан күннен бастап барлық мен туралы жазған газет-журналды жинаған. 3 "ә" сынып оқығанда қолданған нота дәптерім де сақтаулы. Қазір танымал әншілердің бағын ашқан "Super Star KZ" жобасы да біраз жазылып еді. Ол кезде инстаграм жоқ. Осыдан 20 жыл бұрынғы сұхбатымды көрдім. Түрім де – бала. Қалың кекілім бар. Қайрат Түнтековтің жеңімпаз болған кезінде бәріміз бірге фотоға түскен едік. Солардың арасынан 1-2 досымыз о дүниеге аттанып кетті. Қазір трендтен түспей тұрған "Барби" образын мен 20 жыл бұрын жасап тастаппын. Кішкентай Мөлдір көз алдыңызда өсіпті ғой! Сіздердің қошеметтеріңізге бөленіп жүргеніме 20 жыл! Шүкір! Рақмет", - деді Әуелбекова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2052635-moldir-auelbekova-algas-saxnaga-syqqan-kezin-eske-aldy-video/