Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жедел-жәрдем шақырдым": Жұлдыз Әбдікәрімова сахнада құлағанын айтты (фото)

Жарияланған күні:

Жұлдыз Әбдікәрімова
Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Жұлдыз Әбдікәрімова сахнада құлап, белін ауыртып алғанын айтты. Өнер иесі жедел-жәрдем шақыртуға мәжбүр болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы актриса Instagram парақшасында айтты.

Оның айтуынша, сахнада аңдаусызда аяғы тайып кеткен.

"20 күн қобалжып, дамылсыз дайындалдық. Нәтижесі осы халқымның қол соғуымен бағаланды деп білем. Сіздерге білдіртпеген қанша дүние болып жатыр. Бірінші акттан кейін аяғым тайып, оңбай құладым. Десе де, көзі өткір көрермен бәрін байқайды. Екінші бөлімде көзім қарауытып, жаныма батып тұрған ауруға әрең шыдадым. Жедел жәрдем тез жетіп, ауырғанды сездірмейтін уколды тамырымнан тамызып, сахнаға қайта жүгірдім.

Ет қызуымен, дәрінің күшімен қойылымды аяқтап, ауруханаға барып, қол-аяғымды таңдырып алдым. Еркелеуге уақыт жоқ. Себебі бүгін сіздерді күтемін", - деді Әбдікәрімова.

Жұлдыз Әбдікәрімова сторис
Жұлдыз Әбдікәрімова сторис. Скриншот: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2052672-zedel-zardem-saqyrdym-zuldyz-abdikarimova-saxnada-qulaganyn-aitty-foto/