Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айқайлап жіберіппін": Тамара Асар "Көңіл толқуы" атты әнінің шығу тарихын айтты

Жарияланған күні:

Тамара Асар
Тамара Асар. Фото: instagram.com/tamara_assar_official

Қазақстандық танымал әнші Тамара Асар өз репертуарындағы "Көңіл толқуы" атты әнінің шығу тарихы туралы қызықты оқиғаны айтып берді. Сөзінше, аталмыш туындыны ол бір күнде-ақ жазып шығарған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тамара Асар танымал сазгер Бақтықожа Ізмұхамбетовтың мерейтойына барып, ойламаған жерден жаңа өлең жазып қайтқан. Той кезінде әнші композитордың өлеңдері жазылған кітапшаны сыйға алып, артынша жаңа ән жазуға шабыты ашылған.

Оның жаңа туындыны жарыққа шығарғысы келгенін байқаған Заттыбек Көпбосынұлы қолдау білдіріп, өлеңінің әуенін жазып берген.

"Осыдан бес жыл бұрын,ағамыздың мерейтойына бардым. Өзімнің ән айтатын кезегімді күтіп отыр едім, бір жас жігіт келіп, "Тамара апа,мына кішкентай қойын кітапшаны сізге сыйлайыншы,ағаның жүрегінде жүрген сөздерді өлең ғып жазып жүреді,соны біз кітапша қылдық" деп біреуін маған ұсынды.

Алған бойда ашып қалсам, жиырма төртінші бетке түстім. Өлеңнің сөзін оқып қалып едім, төбем шымырлап қоя берді. Мен жайындағы сөздер сияқты күй кештім. "Мен бұл сөзді ән қылам" деп айқайлап жіберіппін. Қасымда Зәкең отырған "көрсетші" деді де, "қандай керемет сөздер" деп телефонына сол бетті түсіріп алды. Олжа қасымнан табылып, сол түні сағат 2-3 шамасында, бағанағы сөз өзіме ән болып келіп тұрды.

"Көңіл толқуы" атты Бақтықожа ағамыздың жан дүниесінен жарып,жүрегінен шыққан сөздер менің көңіліме дөп түсіп, оған Зәкеңе үлкен рахмет, әуен шығарып, бір кеште, бір түнде, бір күнде әнге айналған дүниені сіздерге жолдайын. Бұл әнді естіген әр адам,ән өзіне ғана арналғандай сезінеді. Есті ән деген осындай болатын шығар", - деп жазды Тамара Асар Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2052719-aiqailap-ziberippin-tamara-asar-konil-toquy-atty-aninin-sygu-tarixyn-aitty/