Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арманым орындалды": Блогер Мерей Әбіловаға күйеуі естен кетпес тосынсый жасады (видео)

Жарияланған күні:

Мерей Әбілова мен Димаш Қашкен
Мерей Әбілова мен Димаш Қашкен. Фото: Instagram/abilovva_m

Отандық танымал блогер Мерей Әбілова күйеуімен бірге Мальдив аралдарына бал айына аттанған. Жас жұбайлар ыстық мекенде демалып қана қоймай, екінші мәрте некесін қиған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Футболшы Димаш Қашкен әйелінің арманын орындап, бал айында оған естен кетпес тосынсый жасады. Ол Мальдив аралдарында әйелі бұрыннан армандап жүрген неке қию рәсімін ұйымдастырған.

Мерей Әбілова бақытты сәтінің видеосын Instagram парақшасында жария етті.

"Айтарға сөз таппай тұрмын. Қатты таңғалдым. Демек, бұл екінші үйлену тойымыз", - деген жазба қалдырды блогер ару.

Желі қолданушылары жас жұбайлар үшін қуанып, өз ақ тілегін жолдады.

"Бақытты болыңдар. Сондай жарасымды жұп", "Бақытты сәттерің көп болсын", "Күйеуі жараған екен. Әйелінің арманын орындапты ғой", "Мерей, лайықтысың. Махаббаттарың мәңгі болсын", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2053310-armanym-oryndaldy-bloger-merei-abilovaga-kuieui-esten-ketpes-tosynsyi-zasady-video/