Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Raim Ерке Есмаханның үлкен ұлына не сыйлағанын көрсетті (видео)

Жарияланған күні:

Ерке Есмахан отбасымен
Ерке Есмахан отбасымен. Фото: Instagram/erke_esmahan

Қазақстандық танымал әнші Raim сүйіктісі Ерке Есмаханның бірінші некеден туған ұлы Мүслімді жаңа жылмен ерекше құттықтады. Өнер иесі оған бірнеше сыйлық тарту еткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмаханның ұлы Raim-ның берген әр сыйлығына қуанып, оған алғысын айтқан.

Эстрада жұлдызы Жаңа жыл алдыдағы ерекше отбасылық видеоны Instagram парақшасында жариялады. Онда Мүслімнің сыйлықтарын ашып көрген бойда Raim-ды құшақтап жатқанын көруге болады.

Raim Ерке Есмаханның ұлына құлаққап, бокс қолғабын, баскетбол добын және сөмке сыйлаған.

Желі қолданушылары жұлдызды отбасының татулығына тәнті болып, оларға ақ тілегін білдіруде.

"Қандай керемет көрініс. Екеуінің қарым-қатынасы бөлек екен", "Raim балажан екені көрініп тұр. Мүслімнің де оған деген сыйластығы анық көрінеді", "Бақытты болыңдар. Осындай бақытты сәттерің көп болсын", "Көз тимесін. Махаббаттарың баянды болғай", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2053672-ansi-raim-erke-esmaxannyn-ulken-ulyna-ne-syilaganyn-korsetti-video/