"Балалармен байланысым үзілмеді": әнші Құрмаш Махан екінші рет үйленгенін мәлім етті
Жарияланған күні:
Танымал әнші Құрмаш Махан екінші рет отбасы құрғанын айтты. "Алғашқы" бағдарламасында өнер иесі бірінші әйелінен туған балаларымен байланысы үзілмегенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Алдыңнан шыққан сынақты өзгерту үшін, әрекет ету керек болды. Тағдырдың неше түрлі кезеңдері болады. Содан өту үшін тәуекел етіп, көлігімді саттым да, Мысырға оқуға кеттім.
Келгеннен кейін отбасым бұзылды. Құдай қосқан қосағым екеуіміз ақылдасып, "Бір-бірімізден алыстап көрейік. Мүмкін қадірімізді білерміз. Дұрыс шешімге келуге себеп болар" дедік. Бірақ, сапардың қосқан үлесі шамалы болды. 2010 жылы осы шешімге келдік. Айқай-шусыз, балалардың жүрегіне дақ түсірмеу үшін ұрыс-керістің тоқтауын қалап, солай шешім қабылдадық", - деді әнші бірінші отбасы жайлы.
Сонымен қатар өнер иесі арада 2,5 жыл өткенде қайта отбасы құрғанын айтты.
"Балалармен байланысымыз үзілген жоқ. Анасымен де байланысым үзілген жоқ. Екі жақта болғанымыз болмаса, әлі күнге қарайласып келе жатырмын.
Кейін 2,5 жыл жүріп, екінші рет отбасын құрдым. Қазіргі жарым да балалармен қарым-қатынаста. Балаларым бір-бірін жақсы көреді, араласып тұрады", - деді Құрмаш Махан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2054317-balalarmen-bailanysym-uzilmedi-ansi-qurmas-maxan-ekinsi-ret-uilengenin-malim-etti/