"Жалғыз ұл": Салтанат Бақаева ата-енесімен бірге тұратынын айтты
Жарияланған күні:
Әнші Салтанат Бақаева ата-енесімен бірге тұратынын айтты. Өнер иесі "1001 түн" бағдарламасында күйеуінің отбасында жалғыз ұл екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Ата-енемен тұратын отбасымыз. Кейде үй шаруасына үлгермей жатамын. Кезінде көмекшім болған, қазір жоқ. Кейде ас дайындауға үлгермесем, енем пісіреді. Енем балаларыма қарап, көмектесіп тұрады.
Енеме алғыс ретінде сыйлық беремін. Махаббатты міндетті түрде сыйлықпен ғана білдіру міндет емес. Әңгімесін тыңдаймын. Ол кісі өнерден алыс емес. Ән айтады, тігін тіккенді жақсы көреді, шығармашылықтың адамы. Өзімді енеме ұқсатамын, мұны халық та жиі айтады. Бізде де түрлі кезең болды. Одан да өттік, шүкір. Бір-бірімізге сыйластығымыз артуда. Оған жолдасым да әсер етті. Келін мен ененің арасындағы көпір дұрыс қойылса, отбасыда жақсы қарым-қатынас болады", - деді әнші.
Сонымен қатар өнер иесі ата-енесінен бөлек шығу ойында жоқ екенін айтты.
"Біздің әулетте бөлек тұру деген әңгіме қозғалмады. Өйткені, жолдасым - жалғыз ұл әрі үйдің кенжесі. Үй алып, жөндеу жұмыстары кезінде бөлек тұрып көрдік. Маған қызық болды. Бірақ қиналдым. Себебі, жұмыс істеймін. Гастрольдік сапарым бар. Балаларды уайымдаймын. Ата-енем болғанда алаңсыз кете беруші едім. Бізге қолайлысы осы.
Жолдасым – кәсіпкер, оның да қолы тимейді", - деді Бақаева.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2054591-zalgyz-ul-saltanat-baqaeva-ata-enesimen-birge-turatynyn-aitty/