"Төртеу туғанымда шаруасы жоқ": Жорабаева күйеуі жаңа туған қызына қалай қарайтынын айтты
Жарияланған күні:
Бірер күн бұрын ғана бесінші перзентін дүниеге әкелген Алтынай Жорабаева күйеуінің қандай сезімде жүргенін айтып берді. Өнер иесінің сөзінше, әке атанған отағасы бүгінде бар көңілін перзентіне арнап, бала күтімін өзі қадағалап жүр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Алтынай Жорабаева күйеуі мен қызының қарым-қатынасы туралы Instagram парақшасында баяндады. Эстрада жұлдызы босанған соң күйеуі өзіне барынша көмектесіп, тіпті бала күтіміне қатысты ақыл-кеңесін де беретінін айтты.
Әншінің сөзінше, отағасы оған сәбиді қалай жатқызып, қалай көтеру керектігін де үйретіп жүр.
"Маған абайлап көтер, абайлап жатқыз деп ақыл айтып жүр. Негізі бұның алдында төртеу туғанымда, бұл өзінің тұңғышы екенінде дым шаруасы жоқ. Әлі талай қызық болайын деп тұрған сияқты. Қазір кеше ғана тұрмысқа шығып, психолог болып кеткендер бар ғой. Отбасылық өмірге енді қадам басса да, отбасы, бала тәрбиесі туралы сабақ өткізіп жүреді. Солай болайын деп тұрған секілді бізде", - деп жазды әнші.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2054741-talai-qyzyq-bolaiyn-dep-tur-zorabaeva-kuieuinin-zana-tugan-qyzyna-qalai-qaraitynyn-aitty/