Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Отау құрғанымызға 27 жыл": Жазира мен Жанболат махаббатты сақтаудың құпиясын айтты

Жарияланған күні:

Жазира мен Жанболат жұлдызды жұп
Жазира мен Жанболат. Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Отандық танымал жұлдызды жұп Жазира мен Жанболаттың биыл отау құрғанына 27 жыл болған. Өнерлі отбасы "Жарқын жүздесу" бағдарламасында шаңырақты берік ұстаудың, махаббатты сақтаудың құпиясын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Екеуіміздің отау құрғанымызға - 27 жыл, ал танысқанымызға - 29 жыл болды. Жазира екеуіміз отбасы құрып, қиын кезеңнен бірге өттік. Сол ащы мен тұщыны бірге көргеннен болу керек, махаббатымыз сақталды.

Маған осындай жар бергеніне шүкір. Жазираны бесіктегі баладан, еңкейген қартқа дейін жақсы көретінін білемін", - деді Жанболат Ербатыров.

Ал Жазира Байырбекова күйеуінің жақсы қасиеттерін атап өтті.

"Жанболат кез келген уақытта мені сендіре алады, көндіре алады, тыңдата алады. Тұрмысқа шыққанда Жанболат ештеңе уәде етпеді. Оның анасын сыйлайтыны мені баурап алды. "Осындай азаматтан туған бала да мені сыйлайтын болады" деп ойладым", - деді Жазира Байырбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2054794-otau-qurganymyzga-27-zyl-zazira-men-zanbolat-maxabbatty-saqtaudyn-qupiyasyn-aitty/