"Әжеміз қайтқаннан кейін арманы еді": Блогер ару күйеуіне тосынсый жасап, умраға жолдама сыйлады (видео)
Жарияланған күні:
Отандық танымал блогер Әйгерім Абдуллаева күйеуі Әділге күтпеген жерден тосынсый жасап қуантты. Желі жұлдызы отағасының арманын орындап, оған умраға жолдама сыйлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әйгерім Абуллаеваның айтуынша, қажылыққа бару жолдасының асқақ армандарының бірі болған. Ол әжесі өмірден өткен соң, қасиетті мекенге одан да бетер қатты барғысы келген.
Блогер ару күйеуінің арманын орындауға ниеттеніп, оған тосынсый жасаған. Ол күйеуіне сыйлығын табыстаған сәтін Instagram парақшасында көрсетті.
"Әжеміз қайтқаннан кейін Әділдің арманы еді. Умраға жолдама сыйладым, Алла тағаланың қолдауымен. Енді оны керемет сапар кутіп тур", - деп жазды блогер.
Видеодан Абдуллаеваның жолдасының көзін жауып, туристік агенттікке алып кіргенін көруге болады. Сол жерде ол отағасына умраға жолдаманы тарту еткен.
Әділ әйелінің тосынсыйына қатты қуанып, оған алғысын білдірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2054968-azemiz-qaitqannan-keiin-armany-edi-bloger-aru-kuieuine-tosynsyi-zasap-umraga-zoldama-syilady-video/