"Өткенге өкінбеймін": некесі сәтсіз болған Балжан Бидаш желіде жан сырын ақтарды
Жарияланған күні:
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Балжан Бидаш желіде ажырасуына қатысты пікір білдіріп, өткен өмірі жайлы жан сырын ақтарды. Некесі сәтсіз аяқталған өнер иесі бүгінде ешкімге өкпе-реніші жоқ екенін алға тартты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Балжан Бидаш Instagram парақшасында оқырмандарымен байланысқа шығып, қазіргі жағдайын айтты.
Әнші ару өткен өміріне еш өкінбейтінін жеткізді. Ол бүгінде ешкімге реніші жоқ екенін алға тартып, жолы ашық болу үшін бар ашу-ызасын алып тастауға тырысып жүргенін айтты.
"Өткенге өкінбеймін. Жаратушымыздың заңы бойынша кемелдену үшін көру керекті көреміз. Өмірді ұғыну үшін әр түрлі жолдарды кешіп, таңдау жасаймыз.Ол сынақтардан сен оған немесе ол саған бірдене бергенін ұғыну да соңында маңызды. Ешкімге ренішім жоқ. Жолым ашық болу үшін ашу, ыза, агрессия, ренішті мидан алып тастауға тырысып жатырмын. Адамдарға, өмірге деген ренішің бітпейінше, проблемаларың да бітпейді екен.
Алдыма түсіп, "былай жасай деп жатқан ақылшылар болып жатыр. Бізбен тұрып, от-күлін шығарысқандай жазады ғой. Ондай адамдар жақындарына қауіпті деп ойлаймын. Бұндай жағдайды екі адамнан артық ешкім білмейді. Сондықтан өздері шешкен дұрыс", - деп жазды әнші.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2055443-otkenge-okinbeimin-nekesiz-satisz-ayaqtalgan-balzan-bidas-zelide-zan-syryn-aqtardy/