"58 жасқа толар едің": Ақерке Бүркітбай өмірден өткен әкесін еске алды (фото)
Жарияланған күні:
Әнші Ақерке Бүркітбай әкесінің көзі тірі болғанда, 58 жасқа толатынын айтты. Өнер иесі Instagram парақшасында көкесімен түскен суретін жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әнші марқұм әкесінің көзі тірі болғанда биыл 58 жасқа толатынын атап өтті.
Сонымен қатар Ақерке Бүркітбай әкесіне жыр жолдарын арнады.
"Асқар тау да, өзің едің, биіктік. Өзің барда үй жатушы еді, жиып құт. Кенет кеттің, мәңгілікке, жан әке... Сағыныштан адам төзбес күй ұқтық. Өзің едің бізге қамқор, қорған да. Бақытты едік, өзің бірге болғанда. Мәре-сәре жатушы едік шуласып... Дастарқанның басы өзіңмен толғанда.
Өсиетіңе, көке, адал болармыз! Мына өмірде шыншыл болып қалармыз. Тату-тәтті, сыйластықты ту етіп... Болашаққа сенімменен барармыз. Алаңдама, жұмағыңда ақ көке! Алла бізді қамқорлайды, нұр төге. Дұғамызды бағыштаймыз жұмада, есіміңді ұмытпаймыз бар жерде", - деп жазды Ақерке Бүркітбай.
Еске сала кетейік, осыған дейін Ақерке Бүркітбай анасы мен 4 бауыры жайлы айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2055448-58-zasqa-tolar-edin-aqerke-burkitbai-omirden-otken-akesin-eske-aldy-foto/