Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сырттан тамақ ішпеуге тырысамын": Құрмаш Махан тек әйелінің дайындаған асын ішетінін айтты

Жарияланған күні:

Құрмаш Махан
Құрмаш Махан. Видеодан кадр: "Алғашқы" бағдарламасы

Әнші Құрмаш Махан екінші рет отбасы құрғаны жайлы ашып айтқан болатын. Өнер иесі "Оян" бағдарламасында тек әйелінің дайындаған тамағын ішуге тырысатынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ер адамның да, әйелдің де өзі міндеті бар. Отбасы - кішігірім мемлекет. Жанұядағы тыныштық, береке ауызбіршілікпен болатын нәрсе. Әйелім "Қандай ас әзірлейін?" деп сұрайды. Ал сол тамақты жеу маған парыз болып қалады.

Ал егер мен оны жасамайтын болсам, оның күні бойы жасаған тірлігі зая кетеді. Бұл - сый, құрмет. Қонаққа шақырады, жұмыс барысымен кешігемін. Сол кезде тек ауыз тиемін. Сырттан тамақ ішпеуге тырысамын. Оның үстіне, келіншегім тамақты дәмді етіп дайындайды. Түрлі-түрлі тағам пісіреді", - деді Құрмаш Махан.

Еске сала кетейік, осыған дейін отандық бағдарламаның бірінде Құрмаш Махан екінші рет отбасы құрғанын және бірінші некесінен туған балалармен байланысы үзілмегенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2055471-syrttan-tamaq-ispeuge-tyrysamyn-qurmas-maxan-tek-aielinin-daiyndagan-asyn-isetinin-aitty/