Атышулы Байзақова бір айдан асқан баласымен шетелге демалысқа ұшып кетті (фото)
Жарияланған күні:
Отандық танымал блогер Айжан Байзақова шетелге демалуға ұшып кетті. Желі жұлдызы бұл сапарына отбасымен бірге аттанған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Айжан Байзақова шетелге ұшып кеткенін Instagram парақшасында хабарлады. Атышулы блогердің таңдауы бұл жолы Таиландқа түскен. Айтуынша, бастапқыда олар Мальдив аралдарына бармақ болған. Алайда ол жаққа билет табылмай қалған екен.
Желі жұлдызы ыстық мекенге күйеуі мен екі ұлымен бірге аттанған. Блогер арудың сөзінше, бұл кіші ұлының алғашқы сапары болмақ.
Айта кетейік, Байзақова жақында ғана екінші перзентінің "қырқынан шығару" рәсімін өткізген еді.
"Асадулланың алғашқы саяхаты. Ол ішімде жатқан кезде жетіден астам елде болып үлгерді. Жапония, Англия, Испания, Шотландия, Италия, Франция, Мальдив аралдары. Енді міне Таиландты да көрді. Біз тәуекелшіл ата-анамыз. Балаларымыз бұған көну керек", - деп жазды Байзақова.
Желі қолданушылары блогердің демалысқа аттанғанына қатысты екі түрлі пікір білдірді. Бірі оны батыл қадамы үшін қолдап жатса, енді бірі оның тым кішкентай баламен ұшып кеткені үшін сынға алған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2055680-atysuly-baizaqova-bir-aidan-asqan-balasymen-setelge-demalysqa-usyp-ketti-foto/