"Екеуін бөлек елестете алмаймын": Алтынай Жорабаева қос анасын туған күнімен құттықтады
Жарияланған күні:
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Алтынай Жорабаева қос анасын туған күнімен құттықтап, оларға деген ақ тілегін жеткізді. Өнер иесі екі анасының өзара сыйластығын ерекше атап өтіп, бүгінде оларды екі бөлек елестете алмай қалғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жақында ғана бесінші қызын дүниеге әкелген Жорабаева қос анасын Instagram парақшасында құттықтаған. Әнші анасы мен енесінің суреттерін жариялап, оларға жүрекжарды тілегін жолдаған.
Эстрада жұлдызы оларды бөліп-жармай бірге құттықтауды жөн көрген.
"Қос анамның туған күні. Екінші анамның туған күні 10 қаңтар болса, анашымның туған күні 15 қаңтарда. 10 қаңтар күні әжемізді қуантып, Аминамызды перзентханадан шығарып едік. Желіде екеуін бөліп-жармай, бірге құттықтауды жөн көрдім. Қос анамның бір-біріне деген сыйластықтары өте жоғары болғандықтан, тіпті бөлек елестете алмаймын. Туған күндеріңіз құтты болсын. Алла мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр берсін. Көрінген ұл-қыздарыңыздың, немере, шөберелеріңіздің тек қуанышын, қызығын көріңіздер", - деп жазды әнші.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2055752-ekeuin-bolek-elestete-almaimyn-altynai-zorabaeva-qos-anasyn-tugan-kunimen-quttyqtady/