"Аямауым мүмкін": Дариға Бадықова келін мен ене мәселесіне қатысты ойын айтты
Жарияланған күні:
АОтандық танымал актриса Дариға Бадықова желіде келін мен ене тақырыбын қозғап, оған қатысты не ойлайтынын ашық айтты. Өнер иесі мінезі тік екенін алға тартып, бір жайт ұнамай қалған жағдайда қатты айтып тастауы мүмкін екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Дариға Бадықова Instagram желісінде өзінен ақыл-кеңес сұраған жас келінге жауап берді. Жас келіншек енесімен қарым-қатынасы туралы айтып, оған деген бар өкпе-назын жеткізген. Сөзінше, ол енесімен бірге тұрғысы келмейді.
"Сіз келіндердің рөлін көп сомдайсыз ғой. Маған ақыл беріңізші. Енеммен тұрғым келмейді, әр нәрсеге сөйлей береді. Даладан аяқ киіммен кіріп, төрге дейін жүреді. Бар жағдайын жасап отырмыз, сонда да жақпаймыз. Не істерімді білмеймін", - деп шағымданды келіншек.
Актриса жанайқайын жеткізген жас келінге жауап беріп, келелі кеңесін беруге тырысты.
"Аяқ киіммен үйге кіріп келетін енені аямауым мүмкін. Мен ақыл айта алмаймын. Әр үйдің тәртібі басқа ғой. Біз әр түрліміз ғой. Оның үстіне менің мінезім тік, жаман айтып тастауым мүмкін. Бірақ күйеуіңізбен отырып сөйлесіңіз. Сол кісі үйдегі адамдардың статусын жақсы ажыратып түсінбесе қиындау болады. Ана да керек, әйел де керек. Жалпы әйелдердің ауызын жаба алатындай еркектік міінезі болу керек", - деді өнер иесі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2055768-ayamauym-mumkin-dariga-badyqova-kelin-men-ene-maselesine-qatysty-oiyn-aitty/