Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Достарына ерекше сый тарту еткен Жахан Отарғалиев оларды жылатып қойды (видео)

Жарияланған күні:

Жахан Отарғалиев достарына сыйлық тарту етуде
Жахан Отарғалиев достарына сыйлық тарту етуде. Видеодан кадр: Instagram/zhahan_utargaliyev

Қазақстандық танымал актер Жахан Отарғалиев кіндік баласының ата-анасына ерекше сыйлық тарту етіп, оларды жылатып қойды. Әзілкеш өнердегі әріптесі Шерхан Пірназар мен оның келіншегіне қажылыққа жолдама сыйлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жақында ғана Меккеден елге оралған әзілкеш кіндік баласын көріп қайту үшін өнердегі және өмірдегі досы, актер Шерхан Пірназардың шаңырағында қонақта болып қайтты. Айта кетерлігі, Жахан Отарғалиев Шерхан Пірназардың екінші перзентінің кіндік әкесі екен.

Өнер иесі қонаққа құр қол келмей, үй иелеріне арнайы дайындап келген сыйын табыстаған. Актер алдымен кіндік баласына кішкентай көлік тарту етіп, оны ерекше қуантты. Одан кейін ол досы мен оның келіншегіне күтпеген жерден сыйлық жасады. Отарғалиев ерлі-зайыптыға қажылыққа 12 күнге жолдама сыйлаған.

"Осыдан екі жыл бұрын Рауанның кіндік әкесі етіп атадыңдар. Өмірімде екі адам солай атады. Біріншісі - туған інім Бауыржан, сосын сендер. Осындай бақытқа жете алмай жүргеніме 15 жыл болған екен. Бұл - менің кішігірім сыйлығым. Жақындарың сендерді таңғалдыру оңай емес екенін айтты. Мен тырысып көрдім. Сендерге умраға жолдама. 12 күн Меккеде боласыңдар. Қағбаны құшақтап, жылап, дұға тілеңдер.Отбасыларыңызға береке, бірлік сұраңыздар. Ең бастысы - екеуің тату болыңдар", - деді Отарғалиев.

Әзілкеш достарын қуантқан сәтін Instagram парақшасында жариялады. Сыйлықты көрген сәтте Шерхан Пірназардың келіншегі көз жасына ерік бергенін көруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2056084-dostaryna-erekse-syi-tartu-etken-zaxan-otargaliev-olardy-zylatyp-qoidy-video/