"Камераға түскісі келмейді": Жеңіс Ысқақова күйеуі жайлы айтты
Жарияланған күні:
Әнші Жеңіс Ысқақова былтыр ұлын екінші рет үйлендірді. Өнер иесі "Отбасы альбомы" бағдарламасында отбасы, күйеуі жайлы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Аллаға шүкір, Тоқтасын әлі сондай. Менің жолдасым ешқашан камераға түскісі келмейді. "Ол менің жеке өмірім" дейді. Ол дұрыс деп ойлаймын. Спорт залына барады. Өзінің ортасында кейде мақтанып келеді. Елуден асқан шағында менің күйеуіме 35 немесе қырыққа жетпеген жас береді екен. Соған кейде мақтанып келеді. "Құдайға шүкір, кімнің арқасы екенін айтпайсың ба?" деймін.
Біз бір-бірімізді тонуста ұстаймыз. Бұл, әрине, қалжың. Расында да тонуста ұстау керекпіз. Себебі, балалар өседі. Оларды ұядан ұшырамыз. Олар бөлек мемлекет болады. Оларға қарап, ауыз ашып, "Маған қара, мені асыра" дегеніміз дұрыс емес", - деді Жеңіс Ысқақова.
Еске сала кетейік, осыған дейін Жеңіс Ысқақова марқұм анасын еске алған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2056105-kameraga-tuskisi-kelmeidi-zenis-ysqaqova-kuieui-zaily-aitty/