"Үріп ауызға салғандай": Мақпал Жүнісова жас кезіндегі суретін жариялады
Жарияланған күні:
Халық әртісі Мақпал Жүнісова 20 жастағы суретін жариялады. Әншіні танымал фотожурналист Болат Омарәлиев түсірген болып шықты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бұл жайлы әнші Instagram парақшасында айтты.
"Мына суретті 1980 жылдары түсірдім. Бұл Мақпал Жүнісованың тұрмысқа шықпаған кезі. Суреттің ұтып тұрғаны - көздің жұмылғаны. Сұлулықтың көздің жұмылғанында болатынын осы Мақпалдан көрдім", - деп жазған фотожурналист суретте.
Ал әнші оқырмандарының сауалына жауап беріп, аталмыш суретте өзінің 20 жас шамасында болғанын айтты.
"Суретте 16 жаста емеспін. 16 жасымда қасым қалың, көзді бұлай бояған жоқ болатынмын. Кірпігімді анда-санда көтеріп қоятынмын. Бұл 19 немесе 20 жасым болуы керек", - деп жазды Мақпал Жүнісова.
Желі қолданушылары Мақпал Жүнісованың сұлулығына таңғалып, желіде түрлі пікір қалдырды.
"Үріп ауызға салғандай", "Хас сұлу", "Осы сұлулығыңыз халықтың біртуар азаматын ғашық етті", "Қазір де сұлусыз", - деп жазды желідегілер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2056107-urip-auyzga-salgandai-maqpal-zunisova-zas-kezindegi-suretin-zariyalady/