"Өнер адамына көп нәрсе керек емес": Нұржан Қалжан әйелі қалай қолдау көрсететінін айтты
Жарияланған күні:
Әнші Нұржан Қалжанның шаңырақ көтергеніне биыл 12 жыл толған. Өнер иесі "Отбасы альбомы" бағдарламасында әйелінің өзіне қалай қолдау көрсететінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Ән шыққан кезде, күшті сезім болыпты. Он ән әкелсе, оның екеуі бізге өтеді. Ол дайын болғанша, күтеміз. Сосын ол әнді таңға дейін тыңдаймыз. Керемет шықса, қуанамыз. Таңда келсе де, дастарқан дайындаймын. Сосын арқа-жарқа болып, шай ішеміз.
Барынша қолдауға тырысамын. Өнер адамына қолдаудан басқа көп нәрсе керек емес қой"", - деді Нұржан Қалжанның жұбайы.
Ал әнші әйелі мен қызының өзіне шабыт беретінін айтты.
"Кейде әннің монтажы таңғы сағат 3-те бітеді. Кейде таңғы сағат 5-те бітеді. Екеуіне "Тамақ дайындай беріңдер. Шай қоя беріңдер" деймін. Сонда "Ән бітті ме?" деп сұрайды. Біткенін естісе, есіктің алдында күтіп тұрады. Менімен бірге көлікте бірнеше рет тыңдайды. Маған шабыт береді", - деді ағынан жарылған Нұржан Қлажан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2056108-oner-adamyna-kop-narse-kerek-emes-nurzan-qalzan-aielinin-qalai-qoldau-korsetetinin-aitty/