"Танымай қалдық": орамалмен түскен суретін жариялаған Say Mo елді таңғалдырды
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал рэп орындаушы Say Mo желіде мешіт алдында түскен суретін жариялап, оқырмандарын таңғалдырды. Кейбір желі қолданушылары орамал тағып алған өнер иесін танымай қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Say Mo Біріккен Араб Әмірліктерінде түскен суретін Instagram парақшасында жариялаған. Онда әнші арудың әйгілі Шейх Зайед мешітінің алдында тұрғанын көруге болады.
Әдетте желіде ашық образдарын паш ететін өнер иесі бұл жолы барынша жабық киініп, жанкүйерлерін таңғалдырған.
Желі қолданушылары оған ұзын көйлек киген жарасатынын жазған. Ал кейбір оқырмандар тіпті орамал тағып алған Say Mo-ны танымай қалған.
"Сізді мұндай образда көрген қызық екен", "Ұзын көйлек неткен керемет жарасып тұр", "Мөлдір саған жарасады екен. Сондай нәзік қыз бола қалдың", "Сіздің танымай қалдық", "Осылай жүрсеңіз ерекше сұлусыз", "Ұзын көйлек те, орамал да жарасады екен. Нұрланып шыға келдіңіз", - деп жазуда көпшілік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2056180-tanymai-qaldyq-oramalmen-tusken-suretin-zariyalagan-say-mo-eldi-tangaldyrdy/