"40 күн, 40 түн көз ілмеді": Аша Матай келінін қызындай көрген ата-анасын мақтады
Жарияланған күні:
Отандық танымал тележүргізуші Аша Матай жаңа босанған келініне көмектесіп, бар жағдайын жасаған ата-анасын жер-көкке сыйғызбай мақтады. Өнер иесі желіде оларға әсерлі жазба арнаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Аша Матай Instagram парақшасында жиені Айтөренің қырқынан шығару рәсімінен видео жариялап, отбасылық жиын қалай өткенін көрсеткен. Сонымен қатар тележүргізуші жаңа босанған келініне көмектескен ата-анасының еңбегін ерекше атап өтті.
"Айтөремізді аман-есен қырқынан шығардық. Ата-анасы, әже-аталары 40 күн, 40 түн көз ілмей, баланың қасынан шықпай, қатты уайымдап жүр еді. Енді жан тыныштығын тауып, жақсы ұйықтайтын болды. Құдайға шүкір! Балақайға денсаулық тілеп қойыңызшы алтын достарым", - деп жазды Аша Матай.
Сондай-ақ Аша Матай қырқынан шығару рәсімінің маңыздылығы туралы айтты.
"Баланы қырқынан шығару - тіршілік цикліне қатысты атқарылатын рәсімнің бірі. Дәстүрлі ортада бала дүниеге келгеннен қырқынан шыққанға дейінгі алғашқы қырық күндік "өтпелі кезеңді" қауіпті, қатерлі санап, жаңа туған нәрестені шырақ жағып күзетіп, қасынан адам үзілмей бағады. Бала қырқынан шыққанша "сүт тырнағын", "қарын шашын" алмайды. Қырық күннен аман өткен нәрестені "қарақұлақтанды" деп қуанып, "қырқынан шығару" тойын жасайды", - деп жазды ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2056318-40-kun-40-tun-koz-ilmedi-asa-matai-kelinin-qyzyndai-korgen-ata-anasyn-zer-kokke-syigyzbai-maqtady/