Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ер адамға төзім керек": Ғани мен Бота отбасы беріктігін қалай сақтау керектігін айтты

Жарияланған күні:

Ғани мен Бота әншілер
Ғани мен Бота. Фото: instagram.com/bota_beisenova_

Өнер әлеміндегі жұлдызды жұптың бірі Ғани Жүнісов пен Бота Бейсенованың таныстығы 1991 жылы басталған. Өнер иелері "1001 түн" бағдарламасында отбасы беріктігін сақтаудың құпиясын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ботамен таныстығым 1991 жылы басталды. Мен бұлардың тобына басқа жақтан ауысып келдім. Бірінші көзім түскен қыз - Бота болды. Ол - қаланың қызы, мен - ауылдың баласымын.

Махаббатсыз ештеңе болмайды. Үйленгенше - сезім, үйленгеннен кейін - төзім керек. Біздің махаббатымыз өршімесе, кемімеді. Екі адамның бас қосып, өмір сүруінің өзі еңбек қой. Осы еңбекте ер адам жағынан көбірек төзім керек. Әйел адам нәзік жанды, жүрегіне тигізіп алмау керек", - деді Ғани Жүнісов.

Ал Бота Бейсенова өзінің күйеуіне деген махаббаты кешірек басталғанын айтты.

"Ғанекеңнің махаббаты сол кезде басталды-ау. Мен ол кезде аса көңіл бөлмедім. Сәл еркелеу, көкіректеу қыз болдым. Уақыт өте келе бауыр басу сезімі пайда болды. Мен оқу бітірер кезде соны сездім.

Отбасының берік болуы екі адамға байланысты. Әйел адам әрдайым өзіне ынтызар қылып, күтім жасап, қылықты болуы керек. Ер адам үйге асығып тұратындай жағдай жасауы керек", - деді Бота Бейсенова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2056361-er-adamga-tozim-kerek-gani-men-bota-otbasy-beriktigin-qalai-saqtau-kerektigin-aitty/