"Құжаттарымды таппады": актер Дәурен Серғазин әскерге не себепті бармағанын айтты
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал актер Дәурен Серғазин әскери борышын неге орындамағанын ашып айтты. Сөзінше, оны әскерге шақыруды ұмытып кетсе керек. Өнер иесі жағдайдың мән-жайын білу үшін өзі әскери комиссариатқа барған, деп жазады KAZ.NUR.KZ "Время" басылымына сілтеме жасап.
Дәурен Серғазин "Время" басылымына берген сұхбатында әскерге не себепті бармағанын түсіндірді. Актердің айтуынша, оған әскери комиссариаттан шақырту келмеген. Ол тіпті өзінің аты-жөнін базадан да таппаған.
"Неге екенін білмеймін. Бірақ мені шақыруды ұмытып кеткен. Бір кезде неге бұлай болып жатқанын өзім білмек болдым. Әскерге баруға құлшындым деп айта алмаймын. Ол уақытта белгілі бір отбасылық міндеттер, кәсіби жоспарлар да болған еді. Бірақ мені әскери комиссариатқа шақырмай жатқаны өте қызық болды. Сол кезде өзім барып, құжаттарымды ұзақ уақыт іздедім. Алматыға оқуға түскен соң, әскери есепке тұрдым. Ол жерде де құжаттарымды іздей бастадым. Мен базада мүлдем жоқ екенмін. Құжаттарымды сол қалпы таппады. Әскери қызметкерлер жайлы фильмдердің түсірілімінен кейін өзімді әскерде болғандай сезінемін", - деді Серғазин.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2056424-quzattarymdy-tappady-akter-dauren-sergazin-askerge-ne-sebepti-barmaganyn-aitty/