Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қош келдің жаныма": Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың видеосы қызу талқыға түсті

Жарияланған күні:

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова. Видеодан кадр: Instagram/kair_n

Отандық шоу-бизнестегі жарасымды жұптардың бірі Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жаңа видео жариялап, елдің қызу талқысын тудырды. Көптен бері бірге көрінбей кеткен ерлі-зайыптыға оқырмандар тәнті болып, жылы лебізін білдірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртас аталмыш видеоны Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Онда өнер иесінің келіншегіне гүл шоғын тарту етіп, ән салғанын көруге болады.

"Қош келдің жаныма. Бұл жанымда мен бармын сен деп ауырған", - деген жазба қалдырған әнші.

Жұлдызды жұптың видеосы желі қолданушылары арасында бірден қызу талқыға түсті. Бірі ерлі-зайыптының бірге жүргеніне ерекше қуанса, енді бірі видеодан олардың арасындағы суықтықты байқағанын жазуда.

"Бір отбасы ажырамағанына қуанып тұрмын. Бақытты болыңыздар. Осылай бірге жүре беріңіздерші", "Жұлдыз Қайратты мүлдем жақсы көрмейтін сияқты", "Меніңше, Жұлдыз оған сенбейді", "Жұптарың жазылмасын", "Жұлдыз тым кеш дегендей қарап тұрғандай. Екеуінің арасында суықтық сезіледі", "Бақыттың құшағында жүре беріңдер. Екеуіңді бірген көрген сондай керемет", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2056662-qos-keldin-zanyma-qairat-nurtas-pen-zuldyz-abdikarimovanyn-videosy-qyzu-talqyga-tusti/