Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен "иә" дедім": Актриса Фариза Ескерместің сүйіктісі оған үйленуге ұсыныс жасады (фото)

Жарияланған күні:

Фариза Ескермес сүйіктісімен
Фариза Ескермес сүйіктісімен. Фото: Instagram/fariza_yeskermes

Отандық танымал актриса Фариза Ескермес жеке өміріндегі жақсы жаңалығын жария етті. Өнер иесінің сүйіктісі оған үйленуге ұсыныс жасап, оның "иә" деген жауабын алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фариза Ескермес Instagram парақшасында ұсыныс жасалған сәттен суреттер жариялап, оқырмандарына қуанышты хабарды жеткізген.

Белгілі болғандай, актрисаның сүйіктісі үйленуге ұсынысты Мальдив аралдарында жасаған. Ер азамат ғашығын жағалауға кездесуге шақырып, оған естен кетпес тосынсый ұйымдастырған.

"Ең керемет жанға "иә "дедім. Бұл кеш мәңгі есімде қалады. Бұл күні арал толығымен бізге тиесілі болды. Үнді мұхиты, жұлдызды аспан, қасымда ең керемет жігіт, өте дәмді кешкі ас және жаңа гауһар тастар. Бәрі мен армандағандай", - деп жазды Фариза Ескермес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2056774-men-ia-dedim-aktrisa-fariza-eskermestin-suiiktisi-ogan-uilenuge-usynys-zasady-foto/