"Өмірімде болмаған оқиға": Мақпал Жүнісова концертте қызық жағдайға тап болғанын айтты
Жарияланған күні:
Қазақ эстрадасының дүлділі Мақпал Жүнісова гастрольдік сапарында қызық жағдайға тап болғанын айтты. Өнер иесінің сөзінше, мұндай жағдай өмірінде алғаш рет орын алып тұр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Мақпал Жүнісова басынан өткен қызықты оқиға туралы Instagram парақшасында айтып берді. Әнші Кеген ауданына концерт беруге барғанымен, сахнаға киіп шығатын киімдерін үйінде ұмытып кеткен. Сол себепті өнер иесі жергілікті дүкеннен камзол сатып алуға мәжбүр болған.
"Кеше өмірімде болмаған оқиға орын алды. Таңғы 7-де Мерей Кегенге шығарып салды. Домбырамды, концертке киетін бас киімді алып, чемоданға аяқ киім мен косметиканы салыппын. Ал концертке киетін костюмдерді үйде қалдырып кетіппін. Сол жақтан қыздар дүкенге барып, ұзын қара юбка мен камзол сатып алып келді. Сонымен концертті бастадық. Соңына қарай киімім жетті. Мерей таксимен жібертті. Халыққа түсіндіріп айттым, бәрі жақсы өтті", - деп жазды Жүнісова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2056792-omirimde-bolmagan-oqiga-maqpal-zunisova-koncertte-qyzyq-zagdaiga-tap-bolganyn-aitty/