"Ана болуға дайын емес едім": Фариза Төреәлі алғаш тұрмысқа шыққан кезін еске алды
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал блогер Фариза Төреәлі тұрмысқа шыққан кезін еске алып, неге ұзақ уақыт балалы бола алмай жүргенін түсіндіруге тырысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.
Фариза Төреәлі Instagram парақшасында өзі үшін ауыр тақырыпты қозғап, жан сырын ақтарды. Блогер ару алғаш тұрмысқа шыққан кезде ана болуға дайын емес екенін іштей сезіп жүргенін айтты.
"Ата-ана болу – өте үлкен жауапкершілік. Кішкентай ғана періштені Алла саған аманат етіп қояды. Сен толықтай оған жауаптысың. Ертең не нәрсе үйретіп, қандай тәрбие бергенімізге дейін сұраламыз. Бұл рөл оңай емес. Ал ата-ана болуды ешкім үйретпейді. Толық меңгеріп, ата-ана болу да мүмкін емес нәрсе. Дегенмен, салғырт қарауға рұқсат жоқ", – деп жазды жас ана.
Фариза Төреәлі тұрмысқа шыққан соң, ұзақ уақыт сәбилі бола алмай жүргенін айтты.
"18 жасымда тұрмысқа шықтым. Өзім бала, ана болуға дайын еместігімді іштей білетінмін. Себебі жауапкершілікті біліп, ол сәтте балаға лайықты нәрсенің бәрін бере алмайтындай сезім болды. Себебі өзіме де біраз есею керек еді. Сонда Алла сол нәрсені жүрегіме салып қойды ма, мына нәрсені сұраппын. "Аллаһым, мені менен гөрі өзің жақсы білесің. Маған не жақсы, не хайырлы, не хайырсыз екенін өзің ғана білесің. Сен аманат етіп беретін пенделеріне лайықты түрде ана болғым келеді. Мені қай кезде ана болуға дайындайсың, дайын деп санайсың сол кезде перзент бере гөр. Ақиқатында өзің ғана бәрін білушісің" деп жазыппын", - деді блогер ару.
Төреғалидің қарындасы ата-ана болу үшін оның жауапкершілігін толығымен біліп түсінген жөн екенін алға тартты.
"Бұл дұғам қабыл болды ма, жоқ па, әлде Алланың өз жоспары бойынша болды ма ол тек раббымызға аян. Қазірдің өзінде мінсіз, керемет емеспін. Бірақ біраз есейген, көп нәрсені түйген, басқа адамға жауапкершілік ала алатын Фариза болудамын. Ата-ана болуға мүлдем бей-жапй қарамау керектігін, жауапкершілікті сезініп, Аллаға тәуекел етіп, көп дұға жасау керектігін еске салғым келеді", - деп жазды ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2057031-ana-boluga-daiyn-emes-edim-fariza-toreali-algas-turmysqa-syqqan-kezin-eske-aldy/