Балжан Бидаш халық тарапынан жазылатын хейтке қалай қарайтынын айтты
Жарияланған күні:
Әнші Балжан Бидаш жақында уақытша Қытайға қоныс аударған болатын. Өнер иесі REVUE NEWS бағдарламасында халық тарапынан жазылатын хейтке қалай қарайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Әлеуметтік желіде теріс пікір, хат жазатындар болады және бола береді. Сондықтан мән бермеген дұрыс.
"Кешью" құрамында жүргенде "Жаңа құрам онша емес" деген хейт басталды", - деді Балжан Бидаш.
Айта кетейік, осыған дейін Балжан Бидаш Қытайға уақытша қоныс аударғанын айтқан болатын. Әнші ұзақ уақыт бойы өнерден үзіліс алғандықтан, шығармашылығына қайта кіріскен.
"Достар, Қытайға келген себебім – студияларын аралап, әндер жазу. Қазақстаннан өзім жалғыз келдім. Осы жақтан аудармашы таптым. Енді ән жазуға кірісемін. Бұйыртса, жаңа ән көп шығады. Шығармашылығымды қолға аламын", – деген болатын Балжан Бидаш.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2057037-balzan-bidas-xalyq-tarapynan-zazylatyn-xeitke-qalai-qaraitynyn-aitty/